Президент тапсырмасы орындалды: 90 қала мен 6 087 ауыл ауыз сумен 100 пайыз қамтылды
Еліміздегі 90 қала мен 7,5 миллион тұрғыны бар 6 087 ауыл ауыз сумен 100 пайыз толық қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты.
— Мемлекет басшысының 2025 жылдың соңына дейін халықты толығымен ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, сумен жабдықтау инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. Осы жылдары аралығында бюджеттен шамамен 835 миллиард теңге, оның ішінде арнай мемлекеттік қордан 132 миллиард теңге бөлініп...