Өткен жылы Қазақстанға қанша қандас көшіп келді
2025 жылы Қазақстанға 6 843 адам көшіп келген, оның 2 234-і — қандас, қалғаны — қоныс аударушылар.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына жолдаған жауабындағы дерекке сай, бұл тізімде солтүстік өңірлер көш бастап тұр. Атап айтқанда:
— Павлодар облысына — 2 190 адам,
— Солтүстік Қазақстан облысына — 2 176 адам,
— Шығыс Қазақстан облысына — 774 адам,
— Қостанай облысына — 651 адам,
— Абай облысына — 508 адам,
— Ақмола облысына ...