Өзбекстанда 21 жастағы мұғалім "Мұхаммед пайғамбарды қорлағаны" үшін 12 күнге қамалды
Өзбекстанның Самарқан облысына қарасты Пахтачи ауданында 21 жастағы тарих пәнінің мұғалімі Telegram-арналардың бірінде қалдырған пікірінде Мұхаммед пайғамбарды қорлайтын сипатта сөздер жазған деген айыппен 12 күнге әкімшілік қамауға алынды. Мұндай ақпаратты Gazeta.uz басылымы хабарлады.
Іс материалдарында мұғалім пікірін 30 желтоқсанда жариялағаны жазылған. Ал 7 қаңтар күні әлеуметтік желілерде оның скриншоттары тарап, пікір авторын жауапқа тартуды талап еткен үндеулер пайда болған.
9 қаңтарда ішкі...