Иранда наразылық жалғасып жатыр. Батыс шерушілерге күш қолданбауды талап етті
Иранда үкіметке қарсы наразылықтың жалғасып жатқанына 15 күн болды. Билік наразылықты басып-жаншуға тырысса да, наразылардың саны артпаса кеміген жоқ. АҚШ бастаған Батыс елдері Тегераннан халыққа күш қолданбауды талап етті.
Үкіметке қарсы ұрандар Тегеран көшелерінде 11 қаңтарда да естілді. Құқық қорғау ұйымдары да, мемлекеттік БАҚ та елдің ондаған қаласында наразылық пен ұстау, күш көрсету жалғасып жатқанын жазды. Құқық қорғау ұйымдарының бірінің мәліметінше, екі аптадан астам уақытқа созылған наразылық...