Рубио: АҚШ "Иранның батыл халқын қолдайды"
Жұма күні кешке және сенбіге қараған түні Иранның көптеген қалаларында жаппай наразылық акциялары өтті. Наразылықтың жалғасып жатқанына екі апта болды және билік оларға күш қолданып, таратуға тырысып жатса да кейінгі күндері наразылардың саны артқан. Елде интернет өшкен, соған қарамастан әлеуметтік желілерде көшеге көп адамның шыққанын дәлелдейтін видеолар жарияланды.
АҚШ президенті Дональд Трамп 9 қаңтарда кешке Вашингтон жағдайды мұқият қадағалап отырғанын айтып, жаппай наразылық басып-жаншылса және көп қан төгілсе...