Еңбек адамы әрдайым құрметке лайық
Марат Қожамқұлов қаршадайынан өзі жаны сүйген кәсібімен айналысады. Яғни, бала күнінен темір-терсектің қалдығын жинап, одан бір бұйым жасау оның негізгі ермегі болған екен. Содан болар, мектеп қабырғасында жүріп-ақ, дәнекерлеу әдісінің қыр-сырын үйреніп алғаны. Кейін бұл нағыз өзінің кәсібіне айналды.
Қайрат Қожамқұлов бүгінде «Тараз энергоорталық» акционерлік қоғамында дәнекерлеуші-шебер болып еңбек етеді. Ол кезде «Таразэнергоорталық» және «Таразэнерготранс» кәсіпорындары біртұтас мекеме еді.