Табыс декларациясы биліктегілердің шынайы әл-ауқатын көрсете ме?
Қазақстанда билік өкілдері 2024 жылдың табыс декларациясын жариялап жатыр. Бірақ әуелде айтылғандай лауазымды тұлғалардың сатып алған не иелігіндегі жылжымайтын мүлкі, шотындағы қаржысы туралы ақпарат жоқ. Мұның барлығы мемлекеттік кірістер комитетіне ғана мәлім. Ал қоғам шенеунік отбасының есепте көрсетілетін жыл ішінде қосымша тапқан табысын ғана көре алады. Ресми жарияланған тізімнің алғашқы легіндегі шенеуніктердің көбінің табысы 0 теңге деп көрсетілген. Мемлекет шенеуніктердің табысын, мүліктерін, бар ақшаларын неге жарияламай отыр?