Венесуэла билігі АҚШ-тың әскери операциясы салдарынан кемінде 100 адам қаза болғанын мәлімдеді
АҚШ-тың Венесуэладағы әскери операциясы салдарынан кемінде 100 адам қаза болды. Бұл жөнінде Венесуэла ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо мәлімдеді. Оның сөзінен Reuters пен CNN үзінді келтіреді.
"Қазіргі кезде қаза болған 100 адам бар. Жараланғандардың саны да шамамен сонша. Қақтығысқа түк қатысы жоқ адамдар, бейбіт тұрғындар, әйелдер опат болды. Олар өз үйлерінде болған.... Олар елімізге тасталған қуатты бомбадан зардап шекті" деді Кабельо.
Каракас бұған дейін операциядан қаза болғандардың санын айтпаған...