Алматы облысында жол апатынан Үндістанның екі азаматы қаза болды
Алматы облысында жол апатынан Үндістанның екі азаматы қаза болды. Екеуі де – студент. Бұл жөнінде Үндістанның Қазақстандағы елшілігі хабарлады. Жол апатынан тағы үш адам жарақаттанған. Дипломатия өкілдігі қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің туыстарымен хабарласып отырғанын, Қазақстан билігімен де бірге жұмыс істеп отырғанын айтты.
Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 6 қаңтарда Алматы – Бішкек тас жолының 86-шақырымында болған. Көлікте Үндістанның бес азаматы болған...