Айзат Жұманованың қазасы: прокурор сотталушыға 15 жыл түрме сұрады
Талдықорғанда "әйелін өлтірді" деп айыпталған тұрғын Жанболат Айбарға прокурор 15 жыл түрме жазасын сұрады. Бұл жөнінде Ulysmedia хабарлады.
Прокурор сотталушының қылмысты жасаған кезде мас күйде болуын жазаны ауырлататын жайт ретінде тануды сұраған.
- Басты сот талқылауы ашық жүргізілді. Соттың айыптау үкімін шығаруға толық негіз бар. Айбар Жанболат жасаған қылмыстың ауырлығын, қоғамдық қауіптілігін, жазасын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, жаза тағайындауыңызды сұраймын.