Ақорда: парламент реформасы бойынша 500-ге жуық ұсыныс түсті
Қазақстанда парламент реформасын жүзеге асыру бойынша халықтан 500-ге жуық ұсыныс түскен. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ұсыныстар e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінің «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі арқылы қабылданған. «Халық арасынан, сарапшылардан және қоғамдық ұйымдардан жолданған ұсыныстар мен бастамаларды талдау, жүйелеу жалғасып жатыр» делінген Ақорда хабарламасында.
Бұл жөнінде 6 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші...