Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлын Шешенстан вице-премьері етіп тағайындады
Ресей құрамындағы Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлы Ахмат Қадыровты республика үкіметі төрағасының орынбасары міндетін атқарушы етіп тағайындады. Ахмат Қадыров жаңа қызметіне қоса спорт министрі лауазымын сақтап қалды деп хабарлады "Кавказ.Реалии" басылымы.
Шешенстанның ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаевтың да дәл осылай қызметі жоғарылаған. Рамзан Қадыров мұндай өзгерістер үкімет басшысы Магомед Даудовтың ұсынысымен жасалғанын айтты.