Қазақстан өңірлерінен жұрт көшіп жатқанымен, елде халық саны артқан
Былтырғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 20 млн 478 мың 900 адам болған. Яғни, жыл басынан бері халық саны 0,96 пайыз көбейген. Мұндай ақпаратты Ұлттық статистика бюросы таратты.
Әйткенмен өңірлердегі демографиялық ахуал біркелкі емес. Қаңтар-қараша айларында елдің 20 өңірінің 12-сінде халық саны азайғаны тіркелген.Мысалы, Шымкенттен басқа оңтүстіктегі облыстардың бәрінде, Астана қаласы мен Ақмола облысын қоспағанда солтүстік өңірлердің барлығында, сондай-ақ шығыстағы және орталықтағы облыстарда...