Қоғамымыз мән-мағынасы терең ақпараттың да қадірін білгені дұрыс — Президент
Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұр. Мұндай пікірді «Turkistan» газетіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білдірді.
— «Turkistan» газеті 30 жылдан бері тұрақты шығып келеді. Бұл – Қазақстандағы ең ықпалды басылымның бірі. Газеттің атауында да өте үлкен мән-мағына бар. Басылым тілшілері ел ішіндегі өзекті мәселелермен қатар, тұтас түркі жұртына ортақ тақырыптарды да көтеріп жүреді. Бұл өте жақсы дәстүр деп санаймын. Шетелде жұмыс істеп, түрлі салада табысқа...