Мемлекет басшысы: Салық реформасы – қатардағы «фискалдық науқан» емес, салық жүйесін қайта құру
Жаңа Салық кодексінде бақылау жасауға емес, өзара серіктестік орнатуға баса мән беріледі. Мұндай пікірді «Turkistan» газетіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білдірді.
— Әрине, салық реформасы – өзекті мәселе және бұған қатысты пікірталастардың болуы әбден түсінікті. Дегенмен ел ішінде дүрбелең туғызып, жұртты дүрліктірудің ешқандай жөні жоқ. Мұндай реформа көптеген елде жүргізіліп жатыр. Мысалы, Ресейде қосымша құн салығы жуырда 22 пайызға дейін көтерілді. Біздің реформамыз ...