Швейцариядағы барда шыққан өрт салдарынан қаза болғандар арасында жасөспірімдер бар
1 қаңтарға қараған түні Швейцарияның Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы Le Constellation барында шыққан өрт салдарынан мерт болғандар арасында жасөспірімдер де бар.
Reuters агенттігі полиция дерегіне сүйеніп, өртте қаза тапқандар арасында тағы 16 адамның аты-жөні жексенбіде анықталған деп жазды. Олар – Швейцария, Италия, Франция, Түркия және Румыния азаматтары. Арасында 16 мен 18 аралығындағы 10 жасөспірім бар. Ең кішісі – 14 жастағы Швейцария азаматы. Қаза тапқандар арасында 15 жастағы екі қыз болған.