Хаменеи "тәртіпсіздікке қатысушыларға" қатаң шара қолдануға шақырды
Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи желтоқсан соңында басталған жаппай наразылыққа алғаш рет реакция білдіріп, "тәртіпсіздікке қатысушыларға" қатаң шара қолдануға шақырды.
Сенбі күні телеарнадан сөйлеген Хаменеи, елдің өзге де билік өкілдері тәрізді, ұлттық валютаның құлдырауына байланысты саудагерлердің алаңдауына негіз бар екенін айтты. Алайда мұндай наразылық Иранның сыртқы қарсыластары пайдаланып кететін "саяси дүрдараздыққа" айналмауы керек деді.
Хаменеидің мәлімдемесінен бір күн бұрын...