Трамп: АҚШ Венесуэлаға соққы жасап, Мадуроны елден әкетті
АҚШ Венесуэлаға соққы жасап, ел президенті Николас Мадуроны ұстап, елден әкетті. Бұл жөнінде АҚШ басшысы Дональд Трамп 3 қаңтарда хабарлады.
“АҚШ Венесуэла мен оның басшысы Николас Мадуроға қарсы ауқымды операцияны сәтті жүргізді. Мадуро әйелімен бірге ұсталып, елден әкетілді. Операция АҚШ құқық қорғау органдарымен бірге жүргізілді. Толығырақ кейін хабарлаймыз” деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Трамптың сөзінше, Майамиде сағат 11-де (Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де) баспасөз жиыны өтпек.