Ербол Қарашөкеев Тараз қаласында шатыры өртенген көпқабатты тұрғын үйдің жағдайымен танысты
1 қаңтар күні Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы «Қарасу» (5) шағын ауданындағы шатыры өртенген №15 көпқабатты үйді аралап, тұрғындарының жағдайымен танысты.
– Өрттің шығу ошағын, себебін және шығын көлемін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тұрғын үйге нысаналы төтенше жағдай жарияланды. Әр пәтер бойынша келтірілген шығын есептеліп, заң талаптарына сәйкес қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Зардап шеккен тұрғындарға қажетті көмек көрсетіледі, – деді Ербол Қарашөкеев.