Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсті
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақы түрлері мен зейнетақы 10% өсті. Үкімет елдегі инфляция қарқынына байланысты төлемдерді ұлғайтынын хабарлаған.
Кеше күшіне енген 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес биыл:
ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (167 доллар);мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (73 доллар);ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге (143 доллар);айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге;ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге (105 доллар).