Ербол Қарашөкеев зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің зиялы қауым өкілдерімен мазмұнды кездесу өткізді. Басқосу руханият пен мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ақын-жазушыларға құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы айрықша рөлін айқындауға арналды.
Аймақ басшысы елді бірлік пен ынтымаққа ұйыстырып, халыққа дұрыс бағыт-бағдар беруде зиялы қауымның орны бөлек екенін атап өтіп, өңірдің өркендеуіне қосқан елеулі еңбектері үшін шығармашылық өкілдеріне алғыс білдірді.
...