Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр
Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко...