Еңбек адамы: жиһаз жасаудың шебері
Еңбек адамына құрмет көрсету – ел болашағына құрмет көрсету. Ал қоғамның дамуына, елдің өркендеуіне тікелей үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшы, шаруа, құрылысшы, жүргізуші, малшы секілді мамандардың еңбегін бағалау, қадірлеу – адамгершіліктің белгісі. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанда еңбек адамы ең бірінші орында тұрады» деуінің де басты себебі осында жатыр.
Өңірімізде де еңбегімен көпке үлгі болып жүргендер аз емес. Солардың бірі – Меркі ауданы, Ақтоған ауылдық округінің тұрғыны Медет Қилыбаев.