Иран "толқудың жаңа кезеңіне өтті": наразылық Тегераннан тыс аймақтарға тарады
Сыртқы қысымға душар болып отырған Иран билігі ішкі наразылыққа тап болды. Елде экономикалық жағдай нашарлап, шетелден әскери соққы қаупі төнген тұста жұрт көшеге шеруге шықты.
30 желтоқсан күні бірнеше қалада наразылық акциясы өткені, университеттерде студенттер митингі болғаны хабарланды. Базарлар мен дүкендер жабылған.
Шерулер содан екі күн бұрын басталған. Ол күндері қауіпсіздік күштері жиналған жұртты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған. Наразылыққа шыққандар ұлттық валютаның күрт құнсыздануына қарсы ұрандар айтып...