"ЛГБТ пропагандасын шектеу". Заң күшіне енсе не өзгереді?
Қазақстанда 9 заңға "ЛГБТ пропагандасын" шектеу туралы толықтырулар енгізілмек. Сенат 18 желтоқсанда заң жобасын екі оқылымда жылдам қарап, бір ауыздан мақұлдады. Үкімет пен заң шығарушы орган өкілдері "бұл – балалар қауіпсіздігі үшін қажет қадам" дейді. Құқық қорғаушылар жаңа түзету ЛГБТ өкілдеріне қатысты қоғамдағы теріс көзқарасты күшейтіп, олардың құқығын шектейді деп алаңдайды.
Қараша айының соңында мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин заң шығарушы органның Instagram-аккаунтына шығып, "Қазақстан заңы ЛГБТ өкілі болуды шектемейді...