Жапаров Атамбаевты мемлекеттік наградаларынан айырды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты атақ-наградаларынан айыру туралы жарлыққа қол қойды. Президент әкімшілігі жариялаған хабарда бұл шара 2025 жылғы 3 маусымда Бішкектің Бірінші мамыр аудандық соты шығарған шешімді орындау мақсатында қабылданғаны айтылған.
Атамбаев Қырғызстанның Батыры атағынан, 2-дәрежелі "Манас" орденінен, "Данакер" орденінен және "Данқ" медалінен айырылған. Бас прокуратура жанындағы сот орындаушылары қызметіне марапаттарды тәркілеп, мемлекеттік наградалар қорына тапсыру жүктелген.