Үш ауысымды мектептерді жою: Президент тапсырмасы бойынша жаңа форматтағы 141 оқу орны пайдалануға берілді
Үш ауысымды мектептерді жою: Президент тапсырмасы бойынша жаңа форматтағы 141 оқу орны пайдалануға берілді.
Қазақстанда жайлы оқу ортасын құру үшін білім беру инфрақұрылымын кең ауқымда жаңарту жалғасуда. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі М.Мелдебекова хабарлады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен апатты және оқушы саны көп мектептер мәселесін шешуге бағытталған «Келешек мектебі» жобасы жүзеге асырылуда.
«Мемлекет...