Медиа: Қытай ядролық бағдарламасының құпия нысандарын жаңғыртуды үдетті
Қытай ядролық оқтұмсық бөлшектерін өндіруге байланысты құпия нысандар желісін белсенді түрде жаңғыртып жатыр. The Washington Post басылымы сарапшылар талдаған спутниктен түсірілген суреттерге сүйеніп осылай деп жазды. Басылым мәліметінше, Пекиннің шабуыл жасалған жағдайда неғұрлым жедел қарымта қайтару мүмкіндіктерін көздейтін бұл жұмыстар бұған дейін сарапшылардың басты назарынан тыс қалып келген Қытайдың ядролық инфрақұрылымының маңызды элементтері жаңартылып жатқанын көрсетеді.
Спутниктен түсірілген...