Жамбыл облысында 120 орындық әскери казарма ашылды
Жамбыл облысының аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамына арналған 120 орындық казарма пайдалануға берілді.
Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.
Облыс әкімі құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аумақтық қорғаныс бригадасының 99205 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етуге және материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.