Германияда қаза болған бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі ұсталды
Мәскеуде Германияда қаза болған бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі ұсталды. Бұл жөнінде марқұмның бауыры Қанат Сайлыбаев пен адвокат Мұрат Адам хабарлады.
Олардың сөзінше, Александр Донцов пен Наталья Донцова Мәскеуде 23 желтоқсанда ұсталған. Қазіргі кезде оларды елге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Ақпаратқа қарағанда, дипломатиялық процедураларға байланысты және ұсталғандарда бірнеше азаматтық болуына орай процесс созылуы мүмкін.
Айгуль Сайлыбаева күйеуі және баласымен бірге Германияда бірнеше жыл бойы тұрған.