Алматыда 11 жыл бұрынғы қылмыс ашылды: туған қызы өз анасын өлтірген
Алматыда 11 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қожаевтың айтуынша, жыл басынан бері тергеушілердің өндірісінде шамамен 216 мың қылмыстық іс болған, 54 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында бұрынғы жасалған қылмыстар да бар.
"Алматыда биыл 11 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды. Әңгіме зейнеткер әйелдің өлімі туралы.