Таразда «Байзақ батырдың ақырғы күндері» кітабының тұсаукесері өтті
Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры Сәмен Құлбарақтың «Байзақ батырдың ақырғы күндері» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Тұсаукесер кешінде автор жаңа еңбегінің жазылу тарихы мен негізгі идеясына тоқталып, шығармада қазақ халқының азаттық жолындағы күресінде ерекше орын алған Байзақ батырдың өмірінің соңғы кезеңі мен ерлігі...