Шешенстанда Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болғандарға арналған мемориал ашылды
Ақтаудағы ұшақ апатының бір жылдығына орай Шешенстан астанасы Грозныйда қаза болғандарға арналған мемориал ашылды. Мемориал Әзербайжанның бірінші президенті Гейдар Әлиев атындағы саябақта орналасқан. Бұл жөнінде ресейлік ТАСС агенттігі жазды.
"Бұл әуе апаты біз үшін қайғылы жаңалық болды. Бүгін біз Баку-Грозный рейсі жолаушыларының құрметіне ескерткіш тақта ашып отырмыз. 29 адамның өмірін сақтап қалған ұшқыштар мен экипаждың ерлігі біздің есімізде мәңгі сақталады" деп Шешенстан үкіметінің жетекшісі Галас Таймасханов.