Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыс: қаза болғандар бар
Ауғанстанмен шекарадағы қарулы қақтығыс кезінде екі тәжік шекарашысы қаза болды деп хабарлады Азат Еуропа/Азаттықтың Тәжік қызметі. Озоди радиосының хабарлауынша, оқиға 24 желтоқсанда Шамсиддин Шохин ауданында болған. Дереккөздің айтуынша, шекарадан контрабандамен айналысқан қарулы топ өкілдері өтпек болған. Атыс кезінде шекара қызметінің сарбаздары қаза болды, тағы бірнеше адам жараланды.
Ресми Душанбе әзірге оқиғаға түсініктеме бермеді.
Озоди радиосы қаза болған шекарашылардың аты-жөнін атады:...