ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов аштық жариялағаны хабарланды
Бір күн бұрын ұсталған ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов аштық жариялағаны хабарланды. Әзірге полиция бұл жаңалықты растаған жоқ.
Агенттіктің жазуынша, Қасенов уақытша ұстау изоляторына жеткізілген сәттен бастап аштық жариялаған, бірақ мұны изолятор әкімшілігі адвокаттарға да, оның отбасы мүшелеріне хабарламаған.
Журналист Freedom Finance компаниясының арызы бойынша Қылмыстық кодекстің "көрінеу жалған ақпарат тарату" бабымен күдікті деп танылып, 23 желтоқсан кешке Астананың Есіл аудандық полиция бөліміне шақыртылған еді.