Түркияда ливиялық генерал отырған ұшақ апатқа ұшырады
Түркия билігі сейсенбі күні Анкара әуежайынан ұшып шыққан ұшақпен байланыс үзілгенін хабарлады. Ұшақ бортында Ливия қарулы күштерінің жетекшісі және тағы төрт жолаушы болған.
Кейін ұшақтың бөлшектері табылғаны хабарланды.
Falcon ұшағымен байланыс Анкарадан 74 шақырым жердегі Хаймана елді мекені аумағында үзілді деп хабарлады Түркия қорғаныс министрі Әли Ерлікай X желісінде. Оның сөзінше, бизнес-джет Анкараның Есенбұға әуежайынан Триполиге қарай жергілікті уақыт бойынша сағат 20:10-да ұшып шыққан, 40 минуттан кейін ұшақпен байланыс үзілген.