Құқық қорғаушы Ринат Исағалиев қайтыс болды
Құқық қорғаушы Ринат Исағалиев (Ринат Рафкат ) қайтыс болды. Құқық қорғаушының қазасын "Халықаралық құқықтық бастама" ұйымы растады.
"Қаралы хабар өте ауыр тиді… Қапыда Ринат Исағалиевтан айырылып қалдық… Иманды болсын! Анасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Сегіз жыл бірге істеп, бар білгенімізді соған үйреттік, ол өте мықты қазақ тілді құқық қорғаушыға айналды, заңгер болмаса да. Қытай қазақтарына көмектескенде әрдайым бірге болды. Қоғамдық маңызы бар істер бойынша барлық сотты бақылады.