Алматы қаласы отшашудан бас тартуы мүмкін
Алматы қаласы әлемдегі ең лас қалалардың қатарынан табылып жатқан шақта қала билігі отшашуға (фейерверк) тыйым салу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады. Бұл жөнінде әкімдіктің ресми жауабына сүйенген “Тамшы” жобасы жазды.
Әкімдіктің хабарлауынша, Алматы қаласының ауа ластану деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін жүйені қалыптастыру үшін “Арнайы экологиялық талаптарды енгізу туралы” мәслихат шешімінің жобасы әзірленген. Осы жоба аясында Алматы қаласының аумағында фейерверктерді пайдалануға тыйым салу мәселесі қарастырылып отыр.