Шетелде жүрген еңбек мигранты қайтыс болса, не болады? Қазақстан мен өзге елдердің тәжірибесі
Орталық Азияда жұмыссыздық пен төменгі жалақының салдарынан миллиондаған адам нәпақа іздеп шетелге шығуға мәжбүр. Оның ішінде мыңдаған адам сол жақта жүріп, түрлі себеппен қаза тауып жатады. Ал қайтыс болған адамның сүйегін елге қайтару – қиын шаруа.