Астанада екі жаңа перзентхана бой көтереді
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы медициналық нысандар тапшылығы қалай шешілетінін, қай аудандарда жаңа емханалар ашылатынын айтып берді.
Әкімнің айтуынша, медициналық инфрақұрылым тапшылығы әлі де сақталып отыр.
— Бұл мәселені шешу мақсатында Есіл мен Нұра аудандарында екі емхана, Алматы ауданында перинаталдық орталық, жаңа көпсалалы қалалық аурухана және Есіл ауданында балаларға арналған травматологиялық пункттің құрылысы басталады. Қалалық № 2 аурухананың қабылдау-диагностикалық кешенінің құрылысы аяқталуға жақын.