Қазақстанда жеке куәлік алғаш рет алған азаматқа тегін беріледі
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке куәлік азаматқа алғаш рет берілген кезде және қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін жаңасына ауыстырған жағдайда мемлекеттік қызмет ақысын төлемей рәсімделетін болады. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Министрліктің түсіндіруінше, мұндай шара құжат алу рәсімін жеңілдету және азаматтарға қаржы салмағын салмау мақсатын көздейді. Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың айтуынша, жеке куәлік тек осы екі жағдайда тегін жасалады, ал...