Тоқаев ЕАЭО қызметіне жасанды интеллект технологиясын енгізе бастауды ұсынды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект технологиясын ЕАЭО қызметіне енгізе бастауды ұсынды. Ол мұны 21 желтоқсанда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразия экономика кеңесінің (ЖЕЭК) кезекті отырысында айтқан. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мұндай жүйелерді сауда ағынын жоспарлауға және кедендік баж салығының ықпалын бағалауға қазірдің өзінде пайдалануға болады", – деген Тоқаев.
Санкт-Петербургтегі жиынға Тоқаевпен бірге Ресей президенті Владимир Путин...