БАҚ: Стамбулда жүздеген түркімен студенті өздерін оқудан шығаруға наразылық білдірді
18 желтоқсанда Стамбулда Алтынбаш университетіндегі жүздеген түркімен студенті өздерін оқудан шығаруға нарызылық білдірді.
Наразыларға сүйенген Тurkmen.news сайтының жазуынша, оқу орны ақшаға құнығып, университеттің мүмкіндігіне қарамай көбірек студентті қабылдаған, енді "артық студенттерді" оқудан шығарып жатыр.
Студенттердің айтуынша, басшылық 1.5 мыңнан астам адамды оқудан шығармақшы – барлығы Түркіменстан азаматтары.
"Олар өз азаматтарын шығарып жатқан жоқ – Түркіменстан азаматтарынан құтылып жатыр...