Жасыл энергетика-басты назарда
Энергетика – ел экономикасын қамтамасыз ететін өмірлік маңызды жүйе. Оның тұрақтылығы мен тиімділігі әр үйдегі жайлы тұрмысқа, елдің қарқынды дамуына және сенімді түрде алға жылжуына тікелей әсер етеді.
Энергетика бүкіл экономиканың қозғаушы күші болғандықтан, оның дамуына айрықша басымдық берілді. Бұл ретте облысымыз жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көшбасшылардың қатарында екенін айта кеткен жөн.
Бүгінде облысымызда жалпы қуаты 571,3 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 22 нысаны жұмыс істейді.