Түркия аумағынан дрон табылды. Ресейлік аппарат болуы ықтимал
Стамбул маңына "Орлан-10" дроны құлады деп хабарлады Түркия ішкі істер министрлігі.
"Барлау және бақылау үшін пайдаланылатын, ресейлік "Орлан-10"-ға ұқсас ұшу аппараты табылды" деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Ішкі істер министрлігі оқиғаның жай-жапсарын зерттейтінін мәлімдеді.
Жергілікті тұрғын Hurriyet басылымына дрон сәрсенбі күні құлағанын, бірақ ол жөнінде бірден хабарламағанын, себебі оның иесі болуы мүмкін деп ойлағанын жеткізді.
Осы аптада осымен екінші рет Түркия аумағында дрон табылып отыр.