Грузияда Batumi Oil Terminal-да лауазымды қызмет атқарған үш қазақстандық ұсталды
Грузияда миллиондаған долларға декларацияланбаған мұнайды сату схемасына қатысы бар деген күдікпен Batumi Oil Terminal-ын басқарған үш қазақстандық ұсталды. Бұл жөнінде Грузияның ақпарат құралдары мен Грузия қаржы министрлігінің тергеу қызметіне сүйенген Nationalbusiness.kz сайты жазды.
Тергеушілердің болжамынша, ұсталғандар кеден құжаттарында көрсетілмеген және міндетті фискалдық бақылаудан өтпеген мұнай сату схемасына қатысқан. Прокуратура заңсыз сатылған шикі мұнайдың көлемі 10 мың тоннадан асқанын айтады.