Ұлыбритания, Канада мен Австралия Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындады
Ұлыбритания, Канада және Австралия Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін ресми түрде таныды. Енді жақын арада олардың қатарына Франция да қосылуы мүмкін.
Израиль бұл шешімді "терроризм алдында тізе бүгу" деп атап, 2023 жылғы 7 қазанда палестиналық ХАМАС тобының мүшелері ұрлап әкеткен ондаған израильдік тұтқын әлі де Газада солардың қолында екенін еске салды. Израиль, АҚШ және Еуроодақ ХАМАС тобын террористік ұйым деп таныған.
Канада премьер-министрі Марк Карни "қазіргі Израиль үкіметі Палестина мемлекетінің...