Трамп Ауғанстандағы Баграм базасы қайтадан АҚШ бақылауында болғанын қалайды
Егер Кабул Баграм әуе базасын Вашингтонға қайтарудан бас тартса, "ауыр салдарға" ұшырайтын болады. АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social платформасында жариялаған мәлімдемесінде Ауғанстанды осылай деп ескертті. Трамп 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактілерден кейін америкалықтар салған база АҚШ-қа қайтарылуы тиіс деп есептейді.
Трамптың айтуынша, Вашингтон кейінгі күндері бұл мәселені Ауғанстан тарапымен талқылаған. Ол базаны қайтару үшін әскери күш қолдану ықтимал екенін жоққа шығармаған. "Біз бұл туралы ашық айтпаймыз.