ХАМАС тұтқындардың суреттерін жариялап, әрқайсысына "Рон Арад" деп жазып қойған
АҚШ пен ЕО-да террористік ұйым деп танылған ХАМАС тобы Газа секторында жиһадшылардың қолында қалған тұтқындардың суреттерін жариялады.
Әрбір суретке "Рон Арад 2", "Рон Арад 3" деп жазып қойған. Рон Арад – 1988 жылы Ливанда із-түзсіз жоғалған израильдік ұшқыш. Рон Арадтың өзінің суреті бірінші нөмірмен тұр.
ХАМАС хабарламада премьер-министр Биньямин Нетаньяху келіссөзден бас тартқандықтан "қоштасу суреттерін" жариялап отырғанын ескерткен.
Топтың хабарламасында тұтқындар Газа секторының әр жеріне орналастырылғанын айтып...