Чемпиондар лигасы: "Қайрат" сырт алаңда "Спортингтен" жеңілді
Футболдан Алматының "Қайрат" командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчында "Спортинг" (Португалия) командасынан 4:1 есебімен жеңілді.
Лиссабонда өткен ойында 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза 21-минутта Мортен Юльманның пенальтиін қайтарған. Бірақ 44-минутта "Спортингтың" португалиялық ойыншысы Тринсао есеп ашып кетті. Екінші таймда, 65-минутта Тринсао "Қайрат" қақпасына екінші голын салды.
Ал 67 және 68-минутта "Спортингтің" бразилиялық Алиссон Сантос пен португалиялық ойыншысы Джовани Кенда есепті 4:0-ге жеткізді.